"Изолятор сияқты": Қостанай облысында да жазғы лагерьден шу шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев "Халық кеңесі туралы" жарлыққа қол қойды

Тоқаев "Халық кеңесі туралы" жарлыққа қол қойды
Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Халық кеңесінің кейбір мәселелері туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды kznews.kz.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Халық кеңесі Қазақстан халқының мүддесін білдіретін жоғары конституциялық консультативтік орган ретінде айқындалады.

Халық кеңесінің негізгі міндеттері қатарында мемлекеттің ішкі саясатының басты бағыттары бойынша жалпыұлттық диалог ұйымдастыру, қоғамдық келісімді, ұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту бар.

Сонымен қатар кеңес Қазақстан Республикасы қызметінің негізін құрайтын қағидаттар мен жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған жұмысты жүзеге асырады.

Қазақстан Халық кеңесі Құрылтайға заң жобаларын енгізуге құқылы. Бұдан бөлек, орган жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтере алады.

Халық кеңесінің төрағасы кеңес сессиясында 4 жыл мерзімге сайланады. Бір адам бұл қызметке қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер