Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Хабиб Нурмагомедовтің әкесі ұлының кіммен жекпе-жек өткізуін армандайтынын айтты - Спорт

Хабиб Нурмагомедовтің әкесі ұлының кіммен жекпе-жек өткізуін армандайтынын айтты - Спорт

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі Абдулманап ұлының 37 жастағы Жорж Сен-Пьермен жекпе-жек өткізуін армандайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Абдулманаптың айтуынша, Хабиб тіпті жартылай орта салмақта кездесу өткізуге дайын.

"Бұл мен әрдайым армандаған текетірес. Сен-Пьер чемпиондық белдігін тоғыз рет қорғаған және екі салмақ дәрежесі бойынша ең үздік. Біз тіпті Сен-Пьермен 74 келіде жекпе-жек өткізуге дайынбыз. Тіпті, 75 келі де болады, егер, әрине, Сен-Пьерге бұл салмақта ыңғайлы болса.

Тіпті, 77 келіге де баруымыз мүмкін, сөйтіп онымен жартылай орта салмақ лимитінде жекпе-жек өткіземіз, бұл біздің салмақ дәрежеміз болмаса да", - деп келтірді "Чемпионат" Нурмагомедовтің сөзін "Известия" басылымына сілтеме жасап.

Айта кетейік, канадалық Жорж Сен-Пьер - жартылай орта салмақта UFC-дің екі дүркін бұрынғы чемпионы. Ол әлем бойынша ММА-дің ең үздік файтерлерінің бірі.

Автор
Жандос