ка

Хабиб Нурмагомедовтің әкесі ұлының кіммен жекпе-жек өткізуін армандайтынын айтты

17.11.2018 17:21
0
2

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі Абдулманап ұлының 37 жастағы Жорж Сен-Пьермен жекпе-жек өткізуін армандайтынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Абдулманаптың айтуынша, Хабиб тіпті жартылай орта салмақта кездесу өткізуге дайын.

"Бұл мен әрдайым армандаған текетірес. Сен-Пьер чемпиондық белдігін тоғыз рет қорғаған және екі салмақ дәрежесі бойынша ең үздік. Біз тіпті Сен-Пьермен 74 келіде жекпе-жек өткізуге дайынбыз. Тіпті, 75 келі де болады, егер, әрине, Сен-Пьерге бұл салмақта ыңғайлы болса.

Тіпті, 77 келіге де баруымыз мүмкін, сөйтіп онымен жартылай орта салмақ лимитінде жекпе-жек өткіземіз, бұл біздің салмақ дәрежеміз болмаса да", - деп келтірді "Чемпионат" Нурмагомедовтің сөзін "Известия" басылымына сілтеме жасап.

Айта кетейік, канадалық Жорж Сен-Пьер - жартылай орта салмақта UFC-дің екі дүркін бұрынғы чемпионы. Ол әлем бойынша ММА-дің ең үздік файтерлерінің бірі.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий