KZNews.kz
Спорт

Хабиб Нурмагомедов Алматыға келді

KZNEWS

UFC-дің жеңіл салмақтағы жеңілмеген чемпионы Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға келді.

Спортшы қазір Алматыда, бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазды.

"Алматы, біз сол осы жердеміз. 18 маусымда турнирде кездескенше", - деп Хабиб қала көшелерінің бірінде түсірілген суретке қол қойды.

Айта кетейік, 18 маусымда "Алматы Аренада" Eagle Fighting Champiomship - EFC 37 лигасының аралас жекпе-жектен турнирі өтеді. Нурмагомедов осы турнирдің арнайы қонағы болады.

Іс-шараның картасы 13 жекпе-жекті қамтиды, олардың бастысы - Дағыстанның Арыстаны лақап атымен танымал EFC президенті Шамиль Завуров пен бразилиялық Рикардо Тирлонидің кездесуі.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары