Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Гүлнұр Оразымбетова егде жастағы күйеуінің қаталдығы туралы шындықты айтты

Гүлнұр Оразымбетова егде жастағы күйеуінің қаталдығы туралы шындықты айтты

Әнші Гүлнұр Оразымбетова 19 жасында өзінен 21 жас үлкен, әйелінен ажырасқан шенеунікке күйеуге тиген болатын

АЛМАТЫ, 23 сәуір – Sputnik. Егде жастағы саясаткерге күйеуге тиген әнші Гүлнұр Оразымбетова өзіне жұбайы қоятын шектеулер туралы Ревью бағдарламасына берген сұқбатында ашып айтты.

Әншінің айтуынша, жұбайы желідегі парақшасына өзінің, тіпті балаларының да суретін жариялауға үзілді-кесілді қарсы екен. Тіпті, аты-жөнін де атауға тыйым салыпты.

Тағы оқыңыз: Роза Рымбаева сұқбат кезінде жылап қалды

"Менің суретімді салуға рұқсат жоқ деді. Болды! Көпшілік менен жолдасыңыздың суретін неге салмайсыз, неге көрсетпейсіз деп сұрап жатады. Мысалы, балаларымның өзін қазір өнерге шығып, өнер көрсетіп жүрген соң ғана сала бастадым. Алдында оған да рұқсат бермеген. Балалардың суретін салмайсың деген. Өзіңмен өзің болшы, айналайын деген маған",- дейді әнші.

Гүлнұр Оразымбетова 19 жасында өзінен 21 жас үлкен, әйелінен ажырасқан шенеунікке күйеуге тиген болатын. Күйеуі Серікбай Нұрғисаев бір жылдары ҚР президенті әкімшілігінде қызмет атқарған, Қызылорда облысының әкімі, мәжіліс депутаты да болған.

Тағы оқыңыз: Азамат Сатыбалды ешкімге айтпаған сырымен бөлісті

Оның бірінші отбасынан екі баласы бар. Өткен жылдары ол шоу-бизнестегі жас әйеліне қымбат шетелдік көлік (Infiniti) сыйлап, бұл баспасөзде бірқыдыру әңгіме болған. Артынан әнші бұл көліктің күйеуіне сыйға келгенін, өз кезегінде ол оны Гүлнұрға тарту еткенін айтып, ақталған еді.


sputniknews.kz
Автор
Санжар