Ақтаудағы хирург пен баланың әкесі арасындағы жанжал: министр кім жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Гүлназ Әлімгерей қайғылы хабарды жеткізді

Гүлназ Әлімгерей қайғылы хабарды жеткізді

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм Бақыт құдағиын еске алып, көңіл күйін жазды.

Тележүргізуші Гүлнәз Әлімгерей отбасына жақын адамынан айырылып, қаралы хабарды көпшілікке жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.

Тележүргізушінің айтуынша, өмірден өткен Бақыт — Рүстем есімді құдасының анасы, Камила келінінің әжесі. Гүлнәз Әлімгерей марқұмның қысқа уақыт ішінде өзіне және жұбайы Нұрділдәға туған балаларындай қамқорлық танытып, ерекше мейірімін көрсеткенін атап өтті.

«Қысқа уақыт ішінде Нұрділдә екеумізді құда деп емес, өз балаларындай көріп, ақкөңіл мінезімен, ана жүрегінің мейірімі мен кеңдігін сезіндірген алтын құдағиымыз еді», – деп жазды ол.

Сондай-ақ тележүргізуші марқұмның 69 жасында дүниеден өткенін, жұбайы Амангелдімен бірге төрт ұл тәрбиелеп, немере-шөбере сүйгенін айтты. Келесі жылы ерлі-зайыптылардың шаңырақ көтергеніне 50 жыл толуы тиіс болған.

Гүлнәз Әлімгерей жазда Баянауылға барған сапарында Бақыт құдағиының қонақжайлық танытып, өз қолымен екі жастық тігіп сыйлағанын да еске алды. Содан бері сол жастықтар тележүргізушінің көлігінде сақталып, сапарларында үнемі бірге жүрген.

«Енді осы екі жастық үлкен құдағиымыздан қалған ең қымбат естеліктің біріне айналды. Қолының табы, жүрегінің жылуы қалған аманаттай… Бақұл болыңыз, жақсы адамым! Алла алдыңыздан жарылқасын», – деп жазба авторы марқұмның жақындарына және Баянауыл жұртына көңіл айтты.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.