Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Гүлнәр Кәрімованың Ұлыбританиядағы 25 млн долларлық мүлкі тәркіленді

Гүлнәр Кәрімованың Ұлыбританиядағы 25 млн долларлық мүлкі тәркіленді

Алаяқтыққа қарсы күрес бюросы Өзбекстанның экс-президентінің қызы Гүлнәр Кәрімоваға тиесілі екі элиталық пәтер мен зәулім үйді тәркілегені туралы мәлім етті, деп хабарлайды Kznews.kz.



Элиталық жылжымайтын мүліктің құны 25 миллион доллардан асатыны хабарланды. Пәтерлер Лондонның бай-бағландар тұратын ауданында, ал сарай Суррей округінде орналасқан.


Ұлыбритания билігі тәркілеу туралы шешім қабылдаған соң бюро Кәрімова мен оның отбасы жылжымайтын мүлікті Өзбекстандағы сыбайлас жемқорлық қызметінен түскен қаражатқа сатып алды деген қорытындыға келді.

Әңгіме 2004-2012 жылдар аралығында телекоммуникациялық компаниялардан пара ретінде алынған жүздеген миллион доллар туралы болып отыр.

Кәрімованың өзі Өзбекстанда жазасын өтеп жатыр: үш жыл бұрын ол қылмыстық топты ұйымдастырғаны, алаяқтық жасағаны, ұрлағаны үшін 13 жылға сотталды.

Бұған дейін Өзбекстанның экс-президентінің үлкен қызы Гүлнәр Кәрімованың 131 миллион долларлық активтері Швейцариядан елге қайтарылатыны хабарланған болатын.

Автор
Айбар