«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Гүлмира Сатыбалды ісі: мемлекетке 3,9 миллиард теңгеден аса шығын келтірілген

Гүлмира Сатыбалды ісі: мемлекетке 3,9 миллиард теңгеден аса шығын келтірілген

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеу барысы туралы айтты, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Гүлмира Сатыбалдыға, оның бақылауындағы "Ария-Жаңа Астана" ЖШС компаниясының басшылығына және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты нысандарды салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.

Бірнеше нысан бойынша іс жүзінде орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстарына ақы төлеу нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 3,9 милиард теңгеге аса ірі мөлшерде залал келтірілді. Тергеу сатысында қабылданған шаралар бойынша, мемлекетке келтірілген залал толық өтелді", - делінген хабарламада.


Ведомство мәліметінше, Гүлмира Сатыбалды мен оның сенімді тұлғаларына қатысты бірқатар кәсіпорынның қатысу үлестері мен активтерін заңсыз иелену, адамды ұрлау және бас бостандығынан заңсыз айыру деректері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Жәбірленушілерге келтірілген залалдың алдын ала сомасы 6,6 милиард теңгеден асады. Күдікті адамдар күзетпен ұсталған. Тергеу жалғасып жатыр.
Автор
Данияр