Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Грекияда 80 жастағы ер адам мектеп оқушысы атанды

Грекияда 80 жастағы ер адам мектеп оқушысы атанды

Грекиялық зейнеткер Василлис Панайотаропулос оқуын аяқтау үшін кешкі мектепке барды. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады.


Ер адам 12 жасында әкесіне егістікте жұмыс істеуге көмектесу үшін мектепті тастап кеткен. Кейінірек Афинаға көшіп, онда аспазшы болып жұмыс істеген және жеке тавернаға иелік еткен.

Айтуынша, мектепті, оқуды қатты сағынған, жылдар бойы «мектепке бір күні қайтып оралсам» деген ойда жүрген. Содан соң Василлис әйеліне оқуын қайта жалғастыруға ниетті екенін айтқан.

Онымен бірге сыныпта 15 жасар балалар бар.

Ұстаздардың айтуынша, ер адам сыныптастарына жақсы әсер етуде, сонымен қатар ол өте еңбекқор оқушы. Оның сүйікті сабақтары — ежелгі грек тілі және математика. Маусым айында Василлис мектептің толыққанды түлегі болады.

Осы оқиғадан шабыттанған Грекия үкіметі кешкі мектептерді қолдауға назар аударатынын айтты.

Еске салсақ, бұған дейін Гаитиде бір жылда қарулы топтар қатарына тартылған балалардың саны 70 пайызға өскені мәлім болды.

Автор
Айбар