«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Гонконгта ит коронавирус жұқтырып алды - Қазақстан жаңалықтары

Гонконгта ит коронавирус жұқтырып алды - Қазақстан жаңалықтары

Гонконг билігі иттен коронавирус тапты. Бұл коронавирусты үй жануарларының арасында алғашқы жұқтыруы болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Гонконг үкіметінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Иттің иесі бұрын коронавирус жұқтырған, сондықтан вирустың үй жануарына берілуі мүмкін деген болжам бар.
Пресс-релизге сәйкес, жануарды зерттеу үшін мұрыны мен ауызынан секреция үлгілері алынған. Содан кейін COVID-19 вирусына "әлсіз оң нәтиже" анықталған. Бірақ иттен аурудың тиісті белгілері байқалмаған.

Сарапшылар ит вирустың шынымен жұқтырғанын немесе оның аузы мен мұрнының ластануынан болғанын анықтау үшін одан әрі тексеру жүргізеді. Билік барлық жұқтырған адамдар мен жануарларды карантинге қоюға кеңес береді.

Үй жануарлары 14 күн бойы дәрігерлер бақылауында болатын арнайы бөлмелерге жеткізіледі. Еске салайық, Гонконгта коронавирустық инфекцияның 93 жағдайы анықталды. Ауру жұқтырғандардың екеуі қайтыс болып, 26-сы қалпына келді.
 


stan.kz
Автор
Данияр