Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Головкинді әлем чемпионы жекпе-жекке шақырды

Головкинді әлем чемпионы жекпе-жекке шақырды

Спорт

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Геннадий Головкин 11 сәуірде поляк Камил Шереметаға қарсы IBF белбеуін қорғауы тиіс еді, алайда қазақстандық аяғынан жарақат алып, жекпе-жекті кейінге қалдырды

НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Орта салмақтағы IBF чемпионы, америкалық боксшы Калеб Плант (20-0, 12 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлады Sports.kz.

Плант Головкинге тіпті жекпе-жектің датасын да ұсынды: америкалық маусым айында рингке шыққысы келеді. Сонымен бірге Калеб WBA Super титулының иегері британдық Каллум Смитпен (27-0, 19 КО) жекпе-жекті қарастырып жатыр.

Оқи отырыңыз: Головкин жарақат алып қалды

Головкин – орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы. Геннадий 11 сәуірде рингке оралып, поляк Камил Шереметаға (21-0, 5 КО) қарсы IBF белбеуін қорғайды деп жоспарланған болатын, бірақ 37 жастағы қазақстандық аяғынан жарақат алып, жекпе-жекті кейінге қалдырды.


sputniknews.kz
Автор
Данияр