KZNews.kz
Шоу-бизнес

Головкин Мессимен кездесіп оған өзінің қолғабын сыйлады (видео)

KZNEWS

Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин футболдан Аргентина құрамасы мен «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Мессимен кездесті.

Қазақстандық боксшы әлем футболының жарық жұлдызына өзінің қолғабын тарту еткен. Олардың кездесуі Барселонадағы  Finney блокчейн-смартфонының презентациясы аясында өтіпті.

Оны швейцар-израильдік Sirin Labs компаниясы құрастырған. Аталған мекеме директорлар кеңесінің төрағасы – Кеңес Рақышев. Бұған дейін Головкин сүйікті командасының – «Реал», ал футболшысының – Роналду екенін айтқан болатын.

Головкин де бала кезінен футболмен айналысқан. Сондай-ақ «Астана-Аренада» өтетін «Астананың» матчтарына да жиі қолдау білдіреді. Бұған дейін боксшы «Манчестер Юнайтед» клубының бас бапкері Жозе Моуриньомен, УЕФА президенті Александр Чеферинмен кездескен болатын.

Абай Аймағамбет

KZNEWS
Автордың басқа материалдары