Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Головкин физикалық қалпының нашарлай түскенін айтты

Головкин физикалық қалпының нашарлай түскенін айтты

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) рингке оралар алдындағы физикалық қалпы туралы айтып берді.

Головкин келесі жұдырықтасуы маусымға жоспарланған, ал жаттығу лагерін сәуірде бастамақ. Бұл DAZN стриминг қызметімен үш жылдық ынтымақтастық аясындағы алғашқы жекпе-жек болады.

- Күнделікті өмірде өзімді жақсы сезінемін, бірақ, көптен бері залда болмадым. Мүмкін жоғалтып алғаным бар шығар. Егер бір нәрсе жоғалтқан болсам, бұл басқа боксшылар үшін қызықтырақ, тартымдырақ жағдай жасауы мүмкін, - дейді Головкин.

Сонымен бірге, қазақстандық келесі жекпе-жегін кіммен өткізерін білмейтінін атап өтті. Алайда ол көрерменге қызық болатын қарсылас таңдағысы келеді екен. Головкин соңғы рет былтыр қыркүйекте мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (51-1-2, 35 КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңілген болатын.


Дереккөз: prosports.kz/kz
Автор
Санжар