Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

GGG Promotions болашағы қандай болмақ?

GGG Promotions болашағы қандай болмақ?

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) DAZN USA YouTube-арнасына берген сұқбатында өзінің GGG Promotions промоушені жайлы және Том Леффлердің жаңа қызметі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

- Біз промоушеніміздің болашағына сенеміз. Томның біздің промоушенде қалғанын қалаймын. Оның промоушендегі қызметі жайлы әлі бір шешімге келмедік. Оның тәжірибесі мен қыралығын жоғары бағалаймын. Ол - ақылды адам. Онымен әлі келісетін боламыз, - деді Головкин.

Геннадий Головкин 7 наурыз күні таңертең DAZN компаниясымен алты кездесуге келісімшартқа қол қойған. Әр жекпе-жегі үшін қомақты қаржы алады. Ол жылына екі рет жекпе-жек өткізеді деп күтілуде.

Келесі жекпе-жегін 8-ші не 16-шы маусым күні өткізуі қажет. Әзірге қарсыласы белгісіз. Бастапқыда қазақстандық боксшы WBO чемпиондық белбеуінің иегері Деметриус Андрадемен кездесуі мүмкін екені хабарланған еді. Алайда америкалық боксшы 24 маусым күні жекпе-жек өткізетін болды. Ал Геннадий Головкиннің екінші айқасы қыркүйек айында мексикалық Сауль Альвареске қарсы өтуі қажет.

Естеріңізге сала кетейік, Головкиннің соңғы телесеріктесі HBO болды, бірақ келісім-шарт аяқталды, содан кейін каналдың басшылығы бокстан мүлдем кетуге шешім қабылдады.


Дереккөз: prosports.kz/kz
Автор
Бауыржан