KZNews.kz
Жаңалықтар

"Германиядан аппаратпен алып келді, содан оянбады" – Бағдат Әшімова жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
kznews.kz коллажы

Майра апайды Асекең үлкен құрметпен еске алады. Еңбек сіңірген қайраткер бола тұра, әншілік өнерін тұншықтырып,  отбасын бірінші орынға қойған. Майра жақсы болғандықтан мен үй шаруасына араласқан жоқпын. Соның арқасында осындай жетістікке жеттім деп алғысын айтып отырады. 

Асекең, әттең, жұмыс деп жүріп, балаларыма көп көңіл бөле алмаппын, неге көбірек еркелетпедім, неге құшақтап отырмадым деп қазір өкінеді … 

Мәди – үлкен баласы, тұйықтау болған. Ол панкреатит болып, отадан кейін оңала алмай 4 ай ауруханада жатып көз жұмған. Асанәлі ағаларың “көз алдымда солғанда қолымнан еш шара келмеді” деп қиналады. Бұл кісінің де жанына бататыны да сол  –бір жылда екі баласынан айырылып қалуы. Жылдың басы қаңтар айында Мәдидің, ал сол жылдың қараша айында Сағидың өмірден өтуі есеңгіретіп жіберген. Сағидің бұрынан жүрегі ауыратын. Сол күні өзі отбасы жанұясы бола тұра келіп апаның жанына жатады. Содан оянбаған. Осы уақытқа дейін неге емделмеді, неге айтпады – жұмбақ. Ақкөңіл бала айтпай жүре берген, кейін қайтқаннан кейін бір кездері инсульт алғанын анықтадық. 

Мәдидың ауруханада төрт ай жатқанын, жағдайының жақсармағанын көріп, Асекең  өзін іштей дайындаған болуы керек. Ал Сағидан бір түнде айырылып қалғанда, “табаным астындағы жерді сезбей қалдым” дегені бар. Асанәлі ағаларың іші өксікке толып, күйік кернеп кеткенде Теренқұрмен жоғары шығып, тау жаққа айқайлап-айқалап келеді екен. 

Майра апай 1993 жылы ауырған. Бір жылға жуық мыңнан бір адамда кездесетін өте сирек ауруға шалдыққан. Склеродермия деген диагноз қойылған. Ол ауру бүкіл ішкі ағзаларды біртіндеп жейді екен. Асан ағаларың жарын аман алып қалу үшін, тіпті Германия мен Мәукеудегі ең танымал аурауханаларғада алып барған. Германиядан аппаратпен алып келіп содан оянбады деді.

Әйелінің соңғы демі шыққанда Асекең жанында бола алмаған. Соқырішек болып, ауруханаға түсіп қалыпты. Сонда Асекеңмен қоштасу үшін Майра тәтенің табытын алып, аурухананың қорасына алып барған. Асекеңді ауруханадан шығармай қойған. Отадан кейін жара қайтадан жарылып кетеді. Сонда “кетіп бара жатып та менімен келіп қоштасып кетті ” дейді Асекең. Жаназасына да қатыса алмаған ол топырақты шүберекке түйіп беріп жіберген. 

Майра қайтыс болғанда “Майраның әні” деген кітап жазыпты. Ішқұсалықтан сол құтқарды мені деп айтып отырады. 1999 жылы бір жылда екі ұлынан айырылыған ол барлық жерден жұмыстан шығып кетеді. Киноға түспей, театрда ойнамай қояды. Тек араға 10 жылға жуық уақыт салып, өнерге қайта оралды. 

Бағдат Әшімова.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары