"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Жаныма түскен қайғы жазылмастай": Бағдат Әшімова іштегі сырын ақтарды (ФОТО)

"Жаныма түскен қайғы жазылмастай": Бағдат Әшімова іштегі сырын ақтарды (ФОТО)
ашық дереккөзден

Қазақстанның Халық әртісі, қазақ өнерінің аңыз тұлғасы Асанәлі Әшімовтің жары әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялап, өмірден өткен жарын сағынышпен еске алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жазбада ол арада қырық күн өтсе де, жүректегі қайғының басылмағанын атап өтіп, марқұмға деген сағынышы мен мұңын поэтикалық жолдармен жеткізді. Сонымен қатар Алладан жарының жаны жәннатта болып, жатқан жерінің нұрлы болуын тіледі.

"Жан бөлек. Жан бөлек! Аскенсіз өткен қырық күн, қырық түн. Алладан сұрарым – пейіштің төрінен орын бер, жатқан жерін нұрлы ете гөр.

Қаратқан келбетіне әз ғаламды,
Батырым айбалталы бөзге оранды.
Қырық күн құлағалы құлагерім,
Уақыт, емші екенсің, жаз, жарамды.
Қайтейін хәл-күйімді серпілмеген,
Көзіме жас келеді мөлтілдеген.
Жаныма түскен қайғы жазылмастай,
Алысқан адамдаймын дертімменен", – деп жазды ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер