KZNews.kz
Спорт

Геннадий Головкин WBA рейтингінде көш бастады

KZNEWS

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ санаты бойынша боксшылардың жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жаңа рейтингтегі қазақстандық боксшылардың орны:

Екінші орта салмақта өнер көрсететін Айдос Ербосынұлы 15-орнын сақтап қалды. Осы санаттың үздіктер үштігін британиялық Джон Райдер, ресейлік Федор Чудинов және тағы бір британиялық боксшы Кіші Крис Юбэнк түйіндеп отыр.

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин 2-орыннан 1-орынға көтерілді, одан кейінгі орындарда поляк спортшысы Камил Шеремета мен америкалық Брэндон Адамс тұр. Ал қазіргі «суперчемпион» мексикалық Сауль «Канело» Альварес болса, «қарапайым» чемпион - АҚШ өкілі Роб Брант.

Бірінші орта салмақ санатында Нұрсұлтан Жаңабаев 15-сатыда қалды. Осы топты британиялық Келл Брук бастап тұр. Екінші орында - кубалық Эрисланди Лара, ал үшінші - америкалық Джермелл Чарло.


Дереккөз: prosports.kz/kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары