Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Геннадий Головкин мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Геннадий Головкин мансабын қашан аяқтайтынын айтты
Танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы, бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин DAZN USA-ге берген сұхбатында мансабын қашан аяқтайтыны туралы айтты дп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.

Жақында Головкин DAZN-мен алты айқасқа жоспарланған үш жылдық келісім жасады. Енді ол 2021 жылға дейін жалғасады.

"Мен 40 жасымда тоқтайтын шығармыН. Дегенмен, болашақты білу мүмкін емес..Маған қазір ол туралы айту қиын, бірақ 40 жасымда промоушеніммен мақсатты түрде айналысқым келеді", - деді Головкин.

Отандық боксшы әңгімелесу барысында DAZN-мен серіктестік туралы да айтты.

"Біздің дамығымыз келетін бағытымыз бір. Қазіргі уақытта серіктеспіз, менің болашағым және менің промоушенымның болашағы үшін DAZN-мен жұмыс істегенім жақсы болады", - деді Геннадий Головкин.

Сонымен қатар, GGG Канеломен үшінші айқастың мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

"Екеуміз үшін де, жанкүйерлер үшін де бұл өте маңызды. Егер олар осы жекпе-жекті көргілері келсе, егер шынымен қызығушылық туса, бұл айқас болады", - деді ол.
Автор
Бауыржан