Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Газа секторында Қазақстан азаматы қаза тапты

Газа секторында Қазақстан азаматы қаза тапты

Бұл туралы ҚР СІМ мәлім етті, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі. Ведомство ақпаратынша, 2023 жылғы 22 қазанда Газа секторын атқылау салдарынан Қазақстан азаматы қаза болды. Онымен бірге Палестина азаматы болған оның 23 жастағы қызы да қайтыс болған.



“Отандасымыз Газа секторында Палестина азаматы болып табылатын күйеуімен бірге ұзақ уақыт бойы тұрды” - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 7 қазаннан бері бүкіл әлем Таяу Шығыстағы соғысқа көз тігіп отыр. ХАМАС пен Израильдің қақтығысынан мыңдаған бала құрбан болды. Газа секторының бейбіт тұрғындары қырылды, үй-күйсіз қалды. Израиль соғыстың бірнеше айға созылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Қазақстан ХАМАС-тың  израильдік бейбіт тұрғындарға шабуылын және шетел азаматтарын кепілге алуын айыптады. Сондай-ақ, еліміз Израильді Газа секторында көптеген бейбіт тұрғындардың қаза болуына және азаматтық инфрақұрылымның жойылуына әкеліп соғатын пропорционалды емес күш қолданудан бас тартуға шақырды.

Автор
Айбар