Ақмола облысында бөгет жарылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Гарант 24" ломбардының дауы: Ақтөбе облысында полиция қызметкері күдікке ілінді - Қазақстан жаңалықтары

"Гарант 24" ломбардының дауы: Ақтөбе облысында полиция қызметкері күдікке ілінді - Қазақстан жаңалықтары

Ақтөбе облысында "Гарант 24" ломбарды дауына қатысты пайда таппақ болған полиция инспекторы кұрықталды , деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметнше, Ақтөбе облысы бойынша департаменті Ақтөбе қаласының ПБ №1 қалалық полиция бөлімінің инспекторына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

"Аталған тұлға өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, Ақтөбе қаласында 2020 жылдың 7 және 29 наурыз аралығында Ақтөбе облысының ПД ТБ өндірісіндегі «Гарант 24 Ломбард» ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық іс бойынша бұрын алынған «Опель Зафиро» маркалы автокөлікті қайтаруға ықпал ету сылтауымен алдау және сенімге қиянат жасау арқылы Ақтөбе облысының тұрғынынан 70 мың теңге сомасындағы қаражатты ұрлап алған", - делінген ресми хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды екен. 


stan.kz
Автор
Еркебұлан