Көлемі өскен көкөніс экспорты: отандық диқандардың жағдайы оңалды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Футболшының әйелі жер сілкінісі кезінде қызын құтқарамын деп қаза тапты

Футболшының әйелі жер сілкінісі кезінде қызын құтқарамын деп қаза тапты
Фото: ашықдереккөз

Венесуэлалық футболшы Гектор Белло жер сілкінісі кезінде жұбайы кішкентай баласын өз денесімен қорғап, қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz ойыншының әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

28 жастағы футболшы 24 маусым күні кешке Венесуэла астанасының батысында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан әйелінен айырылды.

Оның айтуынша, спортшының кішкентай қызы тек анасының жанқиярлығының арқасында аман қалған.

"Сүйіктім, мен оған сенің оны қалай құтқарғаның туралы, қызымыз үшін жаныңды қиғаныңды, өміріңнің соңғы сәттеріне дейін оны тастамай, нағыз батыл әйел болғаныңды айтып беремін. Бірақ бір нәрсені кешіре алмаймын, жаным: сен менің жүрегімді жараладың. Бұл қиындықты бірге еңсеруіміз керек еді, бірақ сен мені жалғыз қалдырдың", - деп жазды футболшы әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Оңтүстік Америка елінде табиғи апаттан қаза тапқандар саны 1450 адамға жетті. Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригестің сөзіне қарағанда, зардап шеккендер саны 3 мың 150 адамға жетіп, 12 мың 721 адам баспанасыз қалған.

Футболшыларға келетін болсақ, Гектор Белло бұл трагедияның құрбаны болған жалғыз спортшы емес.

Инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша, табиғи апат венесуэлалық "Маритимо" клубының футболшысы Лукас Трехоның әйелі мен екі баласының, жас жұлдыз Имверт Берротэран мен оның сүйіктісінің және тағы бірнеше жас ойыншының өмірін қиды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.