Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Нұралы Әліп Ресей Премьер-лигасының чемпионы атанды. Санкт-Петербургтің «Зенит» клубында ойнайтын қорғаушы командасымен бірге кезекті рет алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды kznews.kz.
Қазақстан футбол федерациясы футболшыны жетістігімен құттықтап, бұл оның «Зенит» сапындағы төртінші чемпиондығы екенін атап өтті.
«Ұлттық құрама капитаны “Зенитпен” бірге Ресей Премьер-лигасының жеңімпазы атанды. Бұл – Нұралы Әліптің Санкт-Петербург клубымен қол жеткізген төртінші чемпиондығы», – делінген федерация хабарламасында.
Әлеуметтік желі қолданушылары футболшыны жеңісімен құттықтап, оны қазақстандық футболдың мақтанышы деп бағалауда.