«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Фосфор зауытындағы жарылыс: күйіп қалған жұмысшылардың жағдайы белгілі болды

Фосфор зауытындағы жарылыс: күйіп қалған жұмысшылардың жағдайы белгілі болды

Жаңа Жамбыл фосфор зауытындағы жазатайым оқиғаны тергеу үшін комиссия құрылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.



"Мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен комиссия құрылды, тергеу жүргізілуде. Алдын ала себеп – қауіпсіздік техникасының сақталмауы", –  деп мәлім етті зауыттың баспасөз қызметі.

Зауыт мәліметінше, №7 цехтың жүк ілушісі Орманов Данияр және №31 цехының шикізатты дайындау жөніндегі жетекші инженері Қалдыбай Шахадиярдың дененің әртүрлі бөлігін химиялық күйік шалған. Орманов 22% күйікпен реанимацияда жатыр, оның жағдайы тұрақты, ауруханаға 15% күйікпен Қалдыбайдың жағдайын дәрігерлер қанағаттанарлық деп бағалап отыр.

Еске салайық, 3 тамызда фосфор зауытындағы жарылыс салдарынан екі жұмысшы зардап шекті.

Жаңа Жамбыл фосфор зауыты Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлдары бақылайтын "Қазфосфат" ЖШС құрамына кіреді.

Сәуірде Сарысу ауданында «Қазфосфат» компаниясының жұмысшылары ереуілге шығып, басшылықтан айлықты көтеруді талап еткен.

Автор
Айбар