“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Федор Егоров | өмірбаяны

Федор Егоров |  өмірбаяны

Егоров Федор (1913–1975) - 24 қыркүйекте Ресейдің Волгоградқа таяу жердегі Калмыцкая Балка селосында туған. Жеті жастан бастап Батыс Қазақстан облысының Жәнібек селосында тұрған. Шаруа жастарының мектебінде оқыған. 

1932 жылы Атыраудағы аудандық «Рабочая правда» газетінің редакциясына жұмысқа жіберілген. 1933–1935 жж. округтік «Прикаспийская коммуна» газетінде бөлім меңгерушісі болған.

Ұлы Отан соғысынан оралғаннан кейін, республикалық «Казахстанская правда» газетінің редакциясында істеген, Алматы жоғары партия мектебінің журналистика кафедрасының аға оқытушысы болған. Алғашқы деректі повесі «Бас имегендер» 1958 жылы жеке кітап болып шықты. 

Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және жауынгерлік медальдармен марапатталған.

Шығармалары: Не склонив головы. Документальная повесть. А., ҚМКӘБ, 1958; Эвакогоспиталь. Документальная повесть. А., 1960; Повести. А., ҚМКӘБ. 1963; Гвардейцы. Повести. А., «Жазушы», 1977.

Автор
Жандос