Facebook үш миллиардтан астам жалған аккаунтты жойды
27 мамыр, 2019
Facebook үш миллиардтан астам жалған аккаунтты жойды
Facebook компаниясының қызметкерлері 2018 жылдың қазанынан биылғы жылдың наурызына дейін жалған ақпарат пен спам таратқан 3 миллиардтан астам аккаунтты жойды.
2018 жылдың қазанынан желтоқсанына дейін 1,2 млрд аккаунт, биылғы қаңтардан наурызға дейін 2,2 млрд аккаунт жойылған.
Себебі соңғы уақыттарда Facebook-те жалған парақшалар көбейіп кеткен. Олардың көпшілігі ашылғаннан кейін бірнеше минут ішінде анықталған.