Жергілікті бюджеттің жиынтық үлесі: әкімдерді мақтауға әлі ерте
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Facebook-те Тоқаевтың аккаунты жоқ – баспасөз хатшысы

Facebook-те Тоқаевтың аккаунты жоқ – баспасөз хатшысы

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter және Instagram әлеуметтік желілерінде ғана ресми тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Facebook әлеуметтік желісінде ресми парақшасы жоқ. Президенттің атынан тіркелген барлық аккаунт жалған. Бұл туралы Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Берік Уәлиден Facebook-те мемлекет басшысының аккаунты бар ма деп сұраған.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ашылған жалған аккаунттар мен парақшалар бұған дейін де көп болған. Бола беретін де шығар. Әлеуметтік желілерде ашылып жатқан мұндай фейктерге сенудің қажеті жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлы Твиттерде және Инстаграмда тіркелген. Ал Фейсбукта мемлекет басшысының атынан тіркелген барлық аккаунт пен парақшаларға сенбеуге шақырамын", - деп жазды баспасөз хатшысы.

Айта кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми тіркелген екі аккаунт қана бар.

Олар: Twitter желісінде 2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан - @TokayevKZ.

Екіншісі, 2019 жылдың сәуір айында Instagram-да ашылған @tokayev_online аккаунты.


sputniknews.kz
Автор
Нұрсұлтан