Банктерде 52 триллион теңге бар: Тоқаев бұл қаржы енді экономикаға жұмыс істеуі керек деп санайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Еуропаға шығатын қақпа: Маңғыстау мен ЕО қандай бағыттарға басымдық бермек?

Еуропаға шығатын қақпа: Маңғыстау мен ЕО қандай бағыттарға басымдық бермек?
Фото: GOV.KZ

Маңғыстау облысы мен Еуропалық одақ көлік-логистика, энергетика, экология және туризм салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздеп отыр.

Бұл мәселелер облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай мен ЕО-ның Қазақстандағы елшісі Алешка Симкичтің кездесуінде талқыланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Басқосудағы негізгі тақырыптардың бірі – Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту. Еуропа мен Орталық Азияны байланыстыратын дәліз жүк тасымалының тиімділігін арттырып, жеткізу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Нұрдәулет Қилыбай осы бағытта Ақтау және Құрық порттарының әлеуетін тиімді пайдалану мен инфрақұрылымын жетілдіру маңызды екенін айтты. Әкім өңір экономикасына инвестиция тартуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.

Кездесуде туризм саласындағы әріптестік те сөз болды. Алешка Симкич Маңғыстаудың еуропалық компаниялар үшін инвестициялық мүмкіндіктері мол екенін атап өтіп, өңірдің туристік әлеуетін бірлесіп дамытуға қызығушылық білдірді.

Биылғы қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысында Маңғыстау облысы мен Еуропалық одақ елдері арасындағы сыртқы сауда айналымы 872 млн АҚШ долларын құрады.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.