Түркістанда екі жасар бүлдіршін суға батып кетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Есмағамбетова қазақстандықтарды қашықтан жұмыс істеуге шақырды - Қазақстан жаңалықтары

Есмағамбетова қазақстандықтарды қашықтан жұмыс істеуге шақырды - Қазақстан жаңалықтары

Еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарды үйден жұмыс істеуге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Біз қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге жіберуді ұсынамыз. Көріп отырғанымыздай елімізде бұлай істеуге болады. Жұмыс үрдісіне бұл жағдайдың зияны тимейді. Аурудың жаппай таралуын қоғамдық бас қосуларды болдыртпау арқылы алдын алуға болады", - деді Есмағамбетова. 

Бұған қоса ол тұрғындарды сақтық шараларын ұмытпауға кеңес берді. Сөзінше, маска кию, қол жуып, әлеуметтік қашықтықты сақтау қазір басты мәселе болып тұр. 

Сондай-ақ Есмағамбетова жұмыс беруші тарапқа қызметкерлерді қауіпсіз жұмыс жағдайымен қамтамасыз етуге шақырды. 


stan.kz
Автор
Еркебұлан