Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Ешкім шақырмайды": Айнұр Тұрсынбаева сахнадан не үшін көрінбей кеткенін түсіндірді

"Ешкім шақырмайды": Айнұр Тұрсынбаева сахнадан не үшін көрінбей кеткенін түсіндірді

Соңғы кезде айтыс сахнасынан көрінбей кеткен Айнұр Тұрсынбаева мәдени іс-шараларды өткізетін ұйымдастырушыларға өкпелеп жүр. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Бүгінде өнер иесі Стамбұл қаласына қоныс аударған. Жақында жаңа кәсібінің тұсауын кесу үшін Астанаға келген еді. Әңгіме арасында өнердегі әріптесі Қарақат Әбілдина айтыстан не үшін көрінбей кеткенін сұрады.

“Айнұр досымыз келіп, көзайым болып жатырмыз. Елге келген сайын бір улап-шулап қаламыз. Үнемі жақсы жаңалықпен келеді. Осы жолы да бір істің басын қайырды. Айеке, өзіңнен тағы қандай жаңалық күтеміз? Айтысқа қашан шығасың?! Қашан біздің әндерімізге сөз жазасың?! Алда көктем, жаңалықтың жаршысы болатын мезгіл келе жатыр. Олай болса жақында Айнұр Тұрсынбаева сөзін жазған жаңа ән күтіңіздер” деп оқырмандарыма хабарлай беремін, – деп әзілдеді Қарақат.

Құрбысының тілегіне рақмет айтқан айтыскер ақын, сахнадан көрінбей кеткенін мойындап, себебін де түсіндірді.

“Өнерден алыстап кеткенім рас. Бірақ мені айтыстарға шақырып жүрген жоқ. Шақырса бүкіл тірлікті жиып қойып, ұшып келуге дайынмын. Ұлттық өнерге өлгенше қызмет етемін деген өзіме берген сертім бар. Сондықтан мен айтыстан кеткен жоқпын”,  – деп ақталды өнер иесі.

Еске салайық, айтыскер ақынның тойға киген көйлегі сынға қалғанын жазған едік.

Автор
Данияр