"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Ерте емес пе?»: Елдос «Колобоктың» жары жұртты таңғалдырды

«Ерте емес пе?»: Елдос «Колобоктың» жары жұртты таңғалдырды

Асаба әрі әзілкеш, көпшілікке «Колобок» лақап атымен танылған Елдос Кәдірхановтың жұбайы Таңшолпан Шотаева тағы бір қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.


Жас ана әлеуметтік желідегі парақшасында тұңғышы Әлемді қырқынан шығарып жатқанын жазды.
«Бүгін балапанымыз Әлемді қырқынан шығарамыз. Аллаға шүкір, осы күнге де жеттік. Тілектеріңізді қалдырыңыздар, бәрін Әлем батырға оқып беремін», — деп жазды ол.
Алайда бұл жазба жұрт арасында түрлі пікір туғызды. Бірі жас отбасын құттықтап, жылы лебізін білдірсе, енді бірі таңданысын жасырмай,
«Ерте емес пе? Кеше ғана дүниеге келгендей еді ғой»,«1 ай болмай жатып қырқынан шығара бересіздер ме?», «40 күн болып қойды ма? Елдің баласы тез өседі деген рас па?», «Өзбек болып кеткенсіңдер ме? 20 күнде шығаратын. Осындай елдің алдында жүргендер салтты дұрыстап насихаттауы керек қой»  — деп пікір қалдырды.


Желіде тараған бұл жазба көпшіліктің талқысына түсіп, жас ананың жазбасы қызу пікірталасқа себеп болды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.