Жаңалықтар

"Ерекше жандар": Егіздерден құралған отбасы желі қолданушыларын тәнті етті (ФОТО)

"Ерекше жандар": Егіздерден құралған отбасы желі қолданушыларын тәнті етті (ФОТО)
ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде ерекше отбасы туралы жазба көпшіліктің назарын аударды. Желі қолданушылары егіз ерлі-зайыптылардың тек түр-келбеттері ғана емес, мамандықтары да бірдей екенін көріп таңданыстарын жасырмады, деп хабарлайды kznews.kz.

Егіз жігіттер – мал дәрігері, ал егіз қыздар – жан дәрігерлері, яғни психолог, логопед, дефектолог мамандықтарын игерген. Бір үйдің екі жұбының да бір салада жұмыс істеуі көпшілікке ерекше әсер қалдырды.

Автор жазбада:

"Егіз отбасымызда әр егіздің мамандығымыз да бірдей, бір жерде жұмыс жасаймыз", – деп атап өткен.

Желі қолданушылары мұны сирек кездесетін әрі өте үйлесімді сәйкестік деп бағалап, пікір қалдыруда жарысып жатты.

"Жар таңдаудан да, мамандық таңдаудан да қателеспеген жандар екенсіздер", "Сүттей ұйыған отбасы, бақытты болыңдар", "Егіздерге тән үйлесімділік ерекше, Алла жар болсын", "Менің де егіз немерелерім бар, осылай үйлесімді болса екен", – деп жазды желі қолданушылары.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz