«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ердоған Қазақстанға келеді: мемлекеттік сапардың мән-жайы айтылды

Ердоған Қазақстанға келеді: мемлекеттік сапардың мән-жайы айтылды

Сыртқы істер министрлігі өкілі Түркия президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған 12-13 қазанда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.

"Сапар аясында 12 қазанда екі мемлекет басшыларының екіжақты кездесуі, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-отырысы өтеді.

Келіссөздер барысында өзекті өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасып, тараптар екіжақты инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылайды", - делінген хабарламада.


Түркия Республикасының басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне де қатысатыны айтылды.
Автор
Данияр