KZNEWS.KZ
Әлем

Эр-Рияд әуежайына шабуыл: 12 адам қаза тапты

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта халықаралық әуежайға зымыранмен шабуыл жасалды. Салдарынан 12 адам қаза тауып, 309-ы жараланды, деп хабарлайды kznews.kz

Елдің Азаматтық авиация басқармасының мәліметінше, көз жұмғандардың төртеуі Сауд Арабиясының азаматы. Қалғандары Бангладеш, АҚШ, Мысыр, Иордания, Сирия, Палестина және Судан азаматтары. Қазір әуежай жұмысы уақытша тоқтатылған. Рейстердің бір бөлігі кейінге шегеріліп, бірқатары басқа әуе айлақтарына бағытталды. Сауд Арабиясы бастаған коалиция шабуылды хуситтермен байланыстырды. Алайда қозғалыс бұл жолғы соққыны өз мойнына алған жоқ. 

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →