Атыраудан Индонезияға дейін: Резонансты іске күдіктілердің табылған жері
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ер адамдарды жатыр мойны обырына тексеру: Әлназарова қызмет дұрыс көрсетілген деп есептейді

Ер адамдарды жатыр мойны обырына тексеру: Әлназарова қызмет дұрыс көрсетілген деп есептейді
Фото: DC Studio / freepik.com

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ақорда кулуарында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қызметіне жүргізілген аудит қорытындыларына түсініктеме беріп, қазақстандық ер адамдардың жатыр мойны обырына тексеруден өткені туралы жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша Қаржы министрлігі ұсынған бірқатар қорытындылар қаражатты заңсыз жұмсау емес, техникалық қателіктермен байланысты.

«Мысалы, қайтыс болған адамдарға медициналық қызмет көрсетілді деген деректер көбіне науқас қайтыс болғаннан кейін диагнозды нақтылау үшін қажет гистологиялық зерттеулердің төлеміне қатысты. Сондай-ақ 750 мыңнан астам ер адамның жатыр мойны обырына скринингтен өткені туралы ақпарат техникалық қателік», - деді министр.

Әлназарованың айтуынша, кейбір азаматтардың жеке сәйкестендіру нөміріндегі (ЖСН) жынысты білдіретін жетінші сан қате көрсетілген. Бұған дейін Ішкі істер министрлігі жынысты анықтағанда ЖСН-дегі осы санға ғана сүйенуге болмайтынын, жеке куәлік деректерімен салыстыру қажет екенін түсіндірген.

Қазіргі уақытта Қаржы министрлігі айтқан және Денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін анықтаған барлық фактілерді құқық қорғау органдары тексеріп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша ресми шешім қабылданады.

Сонымен қатар министр Қаржы министрлігінің цифрлық жүйелері МӘМС қаражатының жұмсалу ашықтығын арттыруға көмектесетінін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда 768 мың ер адам жатыр мойны обырына скринингтен өткені хабарланған еді. 


 

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі