KZNews.kz
Қоғам

Енді Жұмбақтасқа шыққандарға айыппұл салынады

Торғын Абушахман

Тәртіп бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылмақ

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әкімшілігі Жұмбақтасқа шығуға тыйым салды, деп хабарлайды Kznews.kz 

«Жұмбақтас жартасы – тек эстетикалық қана емес, сонымен қатар мәдени маңызы бар бірегей табиғи ескерткіш. Бұл – табиғат қорғау ережелерін бұзу ғана емес, сонымен бірге адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Қазақстанның табиғи мұрасына ұқыпты қарап, орнатылған шектеулерді сақтауды сұраймыз. Ереже бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - джелінген хабарламада.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →