Шетелдік актер Саша Барон Коэн елде дау тудырған Борат образын қолданудан бас тартатынын айтты, деп хабарлайды LADbible басылымы.
⠀
Variety журналына берген сұхбатында 49 жастағы актер Боратты "сөреге қоятынын" мәлімдеді. Саша Барон Коэннің айтуынша, персонаж прототипі бұрынырақта кездестірген орыс таксисі. Сондай-ақ, ол Боратты былтыр АҚШ президенті қызметінен кеткелі жатқан Дональд Трампты сынау үшін қолданғанын жеткізді.
⠀
"Бұл фильмнің мақсаты болды. Демократияға қауіп төніп тұрғанын сездім және фильмді аяқтау керегін түсіндім. Енді бұлай жасаудың мәнін көріп тұрғаным жоқ", — деді Коэн сұхбатында.
Әйгілі америкалық актерге есірткі берген дәрігер 2,5 жылға сотталып кетті
4 желтоқсан, 2025