"Шетел агенті": депутат сырттан қаржыландыру тетігін қайта қарауды ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Енді балаларға әкесі мен анасының фамилиясы бірге берілуі мүмкін

Енді балаларға әкесі мен анасының фамилиясы бірге берілуі мүмкін
Фото: ашық дереккөз

Қырғызстан парламентінің депутаттары «Азаматтық хал актілері туралы» заңға өзгерістер енгізуді ұсынып, балаларға қосарланған фамилия беру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады, деп хабарлайды kznews.kz.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, балаға ата-анасының бірінің ғана тегі беріледі және қосарланған фамилияны рәсімдеуге рұқсат жоқ. Ал жаңа бастама қабылданған жағдайда ата-аналар баласына әкесі мен анасының тегін қатар беруге мүмкіндік алады.

Ұсыныс бойынша қосарланған фамилия дефис арқылы жазылады. Сонымен қатар, фамилиялардың орналасу ретін ата-аналардың өздері анықтай алады. Яғни, алдымен әкесінің немесе анасының тегі жазылатынын отбасы өзі шешеді.

Депутаттардың айтуынша, заң жобасы азаматтардың өтініштері негізінде әзірленген. Мәселен, бір отбасы баласына Титов-Хан деген қосарланған фамилия бергісі келгенімен, азаматтық хал актілерін тіркеу органдары қолданыстағы заң талаптарына байланысты бұл өтінішті қанағаттандырмаған.

Бастама авторларының пікірінше, бұл өзгеріс ата-аналардың таңдау құқығын кеңейтіп, отбасы мүшелерінің тегін сақтау мүмкіндігін арттырады. Алайда заң жобасында үш немесе одан да көп фамилияны біріктіруге жол берілмейтіні нақты көрсетілген.

Қазіргі уақытта ұсыныс парламент қарауында. Егер құжат қолдау тапса, Қырғызстанда балаларға қосарланған фамилия беру заң жүзінде мүмкін болады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.