"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Енді Алматыда барлық ас мәзірлері қазақшаланады

Енді Алматыда барлық ас мәзірлері қазақшаланады

Алматы әкімдігінің Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қаладағы барлық қоғамдық тамақтану орындарына ас мәзірінің қазақша болуы міндеттелген ескерту жіберді.

Бұл ретте, не ас мәзірінің бөлек қазақша нұсқасы болуы керек, немесе ортақ ас мәзірінде тағам атаулары мен сипаттамалары орыс тілімен қатар қазақ тілінде де жазылуы қажет және қазақ тіліндегі жазба бірінші тұруы тиіс.

Қоғамдық тамақтану орындарына: лағманханалар, асханалар, мейманханалар, кафелер, кофеханалар, бар/сыраханалар толық кіреді. Бұл әкімдіктің өзі ойлап тапқан жаңалығы емес.

2021 жылдың соңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған еді.

Осыған сәйкес ас мәзірінің бәрінде қазақ тілі міндетті түрде болуы тиіс. Әкімдік және прокуратура заңның орындалуын қамтамасыз ететін болады.

Автор
Айбар