TikTok әлеуметтік желісінде елу жастағы ер адамның қартайған анасына еркелеп отырған сәті түсірілген видео көпшіліктің назарын аударды. Кадрлар желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды kznews.kz.
Бейнежазбаны janibek.qazy парақшасы жариялаған. Кадрда жасы елуді еңсерген ер адамның анасына жақын отырып, еркелеп отырғаны байқалады. Жазба авторы видеоға қысқаша түсініктеме қалдырған.
«Жасы елуге келді, әлі емеді», – деп жазды ол.
Алайда бұл жазба желі қолданушыларының екіге бөлінуіне себеп болды. Кейбірі видеодағы әрекетті орынсыз деп бағалап, мұндай көріністі құптамаған. Олар өз пікірлерін ашық білдіріп, сынға алды.
«Бұлай болмайды, харам», «Ойбай, ыңғайсыз екен», «Не сұмдық мынау?», «Штраф салу керек», «Құдай сақтасын», «Адамды жынды қылатын шығарсыңдар сендер», – деген пікірлер жазылды.
Сонымен қатар видеоны басқаша қабылдағандар да бар. Кейбір желі қолданушылары ана мен баланың арасындағы мейірімді қарым-қатынасты қалыпты жағдай деп санап, жазба авторына қолдау білдірген. Олар адамның жасына қарамастан, анасына деген сүйіспеншілігін ашық көрсетуінде тұрған еш әбестік жоқ екенін атап өткен.