Оқырман таңдауы - 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Жақында балаң өледі»: өзін емші атаған адамның видеосы жұрттың ашуын туғызды

«Жақында балаң өледі»: өзін емші атаған адамның видеосы жұрттың ашуын туғызды

Әлеуметтік желіде өзін емші ретінде таныстырған адамның әйелмен жанжалдасқан видеосы тарап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Бейнежазбада емші мен әйелдің үйдің сыртында сөзге келіп қалғаны көрінеді. Кадрларда өзін емші деп таныстырған адам әйелге: «Жақында балаң өледі» деп айтса, оған жауап ретінде әйел оны алаяқ деп айыптап, берген ақшасын қайтармайтынын айтып ашуға булыққан.

Оқиғаның нақты қай жерде және қашан болғаны әзірге белгісіз. Сондай-ақ видеоға қатысты ресми органдар әзірге түсініктеме берген жоқ.

Желі қолданушылары аталған видеоға қатысты түрлі пікір білдіруде. Көпшілік өзін емші ретінде таныстыратын адамдардың әрекетін сынға алып, қандай да бір денсаулық мәселесі туындаған жағдайда дәлелді медицинаға сүйеніп, білікті дәрігерлердің көмегіне жүгінуге шақырды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.