Белгілі шоумен Тұрсынбек Қабатовтың анасының туған күніне барған сәті әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Өнер иесі анасына гүл шоғын тарту етіп, ақ тілегін білдірген. Алайда көпшіліктің назарын оның бұл жолы жалғыз барғаны аударды, деп хабарлайды kznews.kz.
Желіде тараған кадрлардан Тұрсынбек Қабатовтың анасына гүл ұсынып, туған күнімен құттықтап жатқанын көруге болады. Бейнежазбаға пікір қалдырған оқырмандар шоуменнің жанында отбасы мүшелерінің болмағанына назар аударған.
Кейбір қолданушылар оның бұрынғы жары Мөлдір Мұқанова мен екінші әйелі Айман Талғатқызының видеода көрінбегенін сөз етіп, түрлі сауал қойған.
«Екінші әйелі қайда?», «Отбасымен, немерелерін алып келсе, нұр үстіне нұр болар еді», «Соқа басы сопайып келіпті» деген пікірлер жазылды.
Дегенмен желідегі пікірлердің барлығы сынға толы емес. Көптеген оқырман шоуменнің анасына деген құрметін атап өтіп, мерейтой иесіне ұзақ ғұмыр мен зор денсаулық тіледі.
Әлеуметтік желі қолданушыларының назарына іліккен бұл видео Тұрсынбек Қабатовтың жеке өміріне қатысты пікірталасты қайта жандандырды. Алайда оның анасына не себепті жалғыз барғаны туралы өнер иесінің өзі түсініктеме берген жоқ.