Сәтбаевта Кеншілер мен байытушылар күніне орай үлкен мерекелік концерт өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Енді бала тумашы»: Бала баққан кішкентай қыздың жылаған видеосы желіде қызу талқыға түсті

«Енді бала тумашы»: Бала баққан кішкентай қыздың жылаған видеосы желіде қызу талқыға түсті
Коллаж Democrat.kz. ЖИ

Әлеуметтік желіде кішкентай қыздың іні-қарындастарын бағудан шаршағанын айтып, жылаған видеосы көпшіліктің назарын аударды. Қыздың сөздері ата-ананың үлкен балаға шамадан тыс жауапкершілік артуы туралы пікірталас туғызды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бейнежазбада қыз анасынан енді бала тумауын сұрап, кішкентай бауырларына қараудан қажығанын айтады. Осыдан кейін желі қолданушыларының бір бөлігі ата-ананы сынады.

«Бала неге ата-анасы дүниеге әкелген балаларды бағуы керек?», «Ересек адамдар өздері туды, өздері қарасын», «Баланың балалығын тартып алуға болмайды» деген пікірлер жазылды.

Кейбір қолданушылар өздерінің де бала кезінде осындай жауапкершілік арқалағанын еске алды. Бір әйел 14 жасында дүниеге келген інісін ұзақ уақыт өзі баққанын айтса, тағы бірі анасы егіз босанғаннан кейін екі сәбиге қарауға мәжбүр болғанын жазды.

«Басқа балалар сияқты ойнап-күліп көп жүрген жоқпын. Кішкентайымнан тұрмысқа кіріп кеттім», – деді ол.

Тағы бір қолданушы 10 жасында екі айлық сәбиге толықтай қарағанын айтып, баланы қалай тыныштандыру керегін интернеттен іздеп үйренгенін жеткізді.

Осы пікірлерден кейін желіде үлкен баланың ата-анасына көмектесуі мен оны кішкентайларға тұрақты түрде жауапты етудің ара-жігін ажырату керек деген пікір айтылды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.