Тұрғындарға екі апта бойы үйден шығуға тыйым салынды, тек азық-түлік дүкеніне баруға рұқсат етіледі
НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтанда "Северное сияние" тұрғын үй кешенінің кіреберісі карантинге жабылды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға елорда әкімдігі растады.
"Северное сияние" тұрғын үй кешенінде №1 кіреберіс карантинге жабылды",- деп мәлімдеді әкімдіктен.
"Северное Сияние" тұрғын үй кешені астананың сол жағалауында "Керуен" сауда орталығына қарама-қарсы орналасқан.
Бұған дейін елордада тұтас бір аудан қоршауға алынды: тоғыз көпқабатты үй карантинге жабылды. Абылай хан, Рысқұлбеков, Мүсірепов, Мұстафин көшелері квадратында режим күшейтілді.
Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда қай үйлер карантинге алынғаны белгілі болды
Шұғыл қызметтер мен жұмыс істейтін азаматтардың көлігіне кіріп-шығуға рұқсат етіледі. Тұрғындар жұмыс орнынан анықтама көрсетсе, ал көлік "Сергек" базасында тіркелуі тиіс. Үйден тек азық-түлік пен дәрі-дәрмек алу үшін шығуға болады.
Қазақстанда 1 654 адам коронавирус жұқтырды, соның 369-ы елордада тіркелген.Астанада 172 пациент жазылып шықты, екеуі қайтыс болды.
sputniknews.kz