Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Елордадағы "Абу-Даби Плазада" жұмыс тоқтады: Бір қызметкерден коронавирус табылды - Қазақстан жаңалықтары

Елордадағы "Абу-Даби Плазада" жұмыс тоқтады: Бір қызметкерден коронавирус табылды - Қазақстан жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда екі кәсіпорнында қызметкерлердің коронавирус жұқтырғаны анықталды, осыған байланысты мекемелерде мұқият дезинфекция жүргізіледі,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Астана Энергия" АҚ қызметкері мен "Абу-Даби Плаза" қызметкерінде коронавирус расталды", - деді қала әкімдігінде.

Белгілі болғандай, "Абу-Даби Плазаның" коронавирус жұқтырған қызметкері жарты айдан астам уақыт жұмыста болмаған, сондықтан да әріптестерімен байланыспаған. Жақын қарым-қатынас шеңберінде болған екі адам (ұйым қызметкерлері емес) анықталды. Олардың бірі стационарда, екіншісі - үй карантинінде.

Дегенмен, қызметкердің әріптестерімен байланысқа түспегеніне және жұмыс орнында болмағанына қарамастан, жұмысты уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ аумақты дезинфекциялау жүргізілді. Жақын арада жұмыс қайта басталады.

Айта кетейік, "Астана Энергия" АҚ-да әскери қызметшілермен бірге аумақ пен үй-жайларға дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Жақын байланыста болған 11 адам (тоғызы - қызметкер) - үй карантинінде. Науқастың өзі ауруханада, дәрігерлердің бақылауында. Бұл ретте кәсіпорынның жұмысы қауіп-қатердің жоқтығына байланысты жалғасып жатыр.


stan.kz
Автор
Айбар