Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Елордада жұмыс кестесінің өзгеруі көлік кептелісін азайтты ма – Жеңіс Қасымбек жауабы

Елордада жұмыс кестесінің өзгеруі көлік кептелісін азайтты ма – Жеңіс Қасымбек жауабы

Бүгін Астана қалалық мәслихатының кезекті сессиясында қала басшысы Жеңіс Қасымбек жаңа жұмыс кестесінің көлік кептелесін азайтуға қалай әсер еткенін айтты.  
Елордада жұмыс кестесінің өзгеруі көлік кептелісін азайтты ма – Жеңіс Қасымбек жауабы
Оның айтуынша, кейінгі күндері елордаға мол қар жауып, спорттық және өзге де іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл қала жолдарында қиындық тудырды. 

    – Қазіргі ең басты проблема – трафик. Таяу айдың ішінде ЛРТ-ні іске қосамыз. Көптеген жаңа жол салынды. Келесі жылы Тәуелсіздік даңғылын біршама ұзартуды жоспарлап отырмыз. Ол Мәңгілік ел, Тұран, Қабанбай батыр даңғылдарына жүктемені төмендетеді. Негізгі кептеліс Есіл мен Нұра аудандарында көпір бағытында байқалады. Екі жаңа көпір жобаланып жатыр, - деді елорда әкімі.

Қала басшысы жұмыс кестесін жылжыту да оң әсерін тигізгенін айтты. 

    – Әкімдіктің жұмысқа 7:30-да, мемлекеттік органдардың 8:00-де шығуы да өз әсерін тигізіп отыр. Сіздермен кездесуде таңертеңгі сағат 8, 9, 10-да қай көшелердің қанша пайызға босағанын айтып беремін. Қазір мұның бәрі 6:30-7:00-де басталатыны рас. Қалай дегенде де қалалықтар үшін бағдаршам мен аялдамаларды ескергенде автобус қозғалысының жылдамдығы орташа есеппен сағатына 23-25 шақырымды құрайды. Қазір қазан-қарашамен салыстырғанда жылдамдықтың сағатына 2,3 шақырымға артқанын көріп отырмыз, - деді Жеңіс Қасымбек.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.