«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Елордада бес және оң мың теңгелік қағаз ақшаны қолдан жасаған азамат анықталды - Қазақстан жаңалықтары

Елордада бес және оң мың теңгелік қағаз ақшаны қолдан жасаған азамат анықталды - Қазақстан жаңалықтары

Нұр-Сұлтан қалалық экономикалық тергеулер департаменті екінші тергеу басқармасының басшысы Олжас Сүлейменов Елордада жалған ақша жасаумен айналысқан азамат ұсталғанын айтты, деп хабарайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында мәлімденді. 

«Қаламызда қажетті техниканы сатып алып, өз үйінде қағаз ақша жасаумен тұрақты айналысып келген азамат ұсталды. Жалған қағаз ақшалар ҚР Ұлттық банкі банкноттарына барынша ұқсас. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жалған ақшаларды қала аумағында өткізудің 34 фактісін анықтадық», - дейді басқарма бастығы.

Сөзінше, ер азаматтың кінәсін дәлелдейтін айғақтар анықталыпты. 

«Бұлтартпайтын айғақтар жиналды. Олар: куәгерлердің жауабы, бейне бақылау камералары, сатушылар. Аталған адам ісі сотқа жіберілді. Ол бас бостандығынан айырылды. Ақша қаражаттарын қолданған кезде олардың жаңартылып отыратындығын ескерген жөн. Ұлттық банк тарапынан көзделген қауіпсіздік шараларына назар аудару қажет», - деп қосты Олжас Сүлейменов. 

Заң бұзған азамат бес жылға бас бостандығынан айырылған. 


stan.kz
Автор
Данияр