KZNews.kz
Шоу-бизнес

Елорда тұрғындарын арзан көліктерді "сатушы" 40 млн теңгеге алдады - Қазақстан жаңалықтары

KZNEWS

Елордалық полицейлер 40 млн теңгеден астам сомаға тоғыз алаяқтық жасады деген күдікпен қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәлметінше, күдікті аукцион арқылы төмендетілген бағамен автокөліктерді ұсыну арқылы тоғыз азаматтың 40 млн теңгеден астам ақша қаражатын жымқырды. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде "Есіл" ауданының полиция басқармасының қызметкерлері бірқатар алаяқтық жасағаны үшін 26 жастағы қала тұрғынын ұстады. 

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ұсталған азамат тергеу изоляторына қамалды, оның бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі.


stan.kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары