"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Елорада дәрігерлер коронавирустан емделіп шыққан 93 жастағы әжейді қошеметпен шығарып салды (әсерлі видео) - Қазақстан жаңалықтары

Елорада дәрігерлер коронавирустан емделіп шыққан 93 жастағы әжейді қошеметпен шығарып салды (әсерлі видео) - Қазақстан жаңалықтары

Нұр-Сұлтан қаласындағы көп салалы аурухананың дәрігерлері "Шапағат" орталығындағы 93 жастағы науқасты және басқа егде жастағы науқастарды қошеметпен шығарып салды. Науқастар COVID-19 коронавирусынан толықтай айығып үлгерді.

Кадрдан дәрігерлердің науқастарды қол шапалақтап, дәліз бойымен қалай алып жүргенін көруге болады.

7 сәуірде Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Аққайын кентіндегі «Шапағат» арнайы қызмет көрсету орталығынан 7 адам Нұр-Сұлтандағы көп салалы ауруханаға жіберілді. 

Олардың ең үлкені - 93 жаста. Тағы бір әже 87 жаста, қалғандары 60-70 жастағы науқастар. Әрқайсысынан коронавирус дерті расталған.

Науқастарда негізгі диагноздан басқа көптеген ауыр сырқаттары болды. Мысалы, созылмалы ишемиялық ауру, артериялық гипертензия және басқалары. 93 жастағы науқас жансақтау бөлімінен өтті.

23 сәуірде екі рет теріс нәтижесі анықталған соң 14 күндік емдеу курсынан кейін науқастар шығарылды және үй жағдайында оқшаулануға жіберілді.

Айта кету керек, бүгінгі күнге дейін қазақстандық дәрігерлер 604 адамды коронавирустан емдеді.


stan.kz
Автор
Данияр