KZNews.kz
Шоу-бизнес

Еліміздің 7 аймағында аптап ыстық болады - Қазақстан жаңалықтары

KZNEWS

Қазақстанның 7 аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

3-4 маусым күндері Атырау облысында ауаның температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі, күн күркіреп, шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін көтеріліп, күн 35-37 градусқа дейін ысиды.

Қызылорда облысында  ауа температурасы 47 градусқа дейін көтеріледі, кейбір жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

3-5 маусымда Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Алматы облыстарында 35-38, 40-42 градусқа дейін ыстық болады.

Ауа температурасының жоғары болуына қарамастан, су қоймаларындағы су әлі жылынған жоқ, сондықтан шомылуға әлі ерте.
 


stan.kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары