«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Еліміздегі полицейлер марқұм болған атыраулық әріптесінің отбасына 29 млн теңге жинап берді - Қазақстан жаңалықтары

Еліміздегі полицейлер марқұм болған атыраулық әріптесінің отбасына 29 млн теңге жинап берді - Қазақстан жаңалықтары

ҚР полицейлер ерлікпен қаза тапқан атыраулық әріптесіне қаражат жинап берді. 

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін полицейлер Шалқардың отбасына Атыраудан 3-4 бөлмелі үй сатып алып бермек болған. Себебі ол отбасының жалғыз асыраушысы еді.

"Атырау облысының полиция департамент қызметкерлері, ІІМ орталық аппараты, өңірлік полиция департаменті, қылмыстық-атқарушы жүйе, құтқару қызметі мен Ұлттық гвардия әскерлері Шалқар Ақымғалиевтің отбасына қолдау білдірді. Полицей суға батқан әйелді құтқарам деп қаза болды. Оның банктік есепшотына қазіргі уақытта 29 млн теңге аударылды", - дейді өңірдегі полиция департаменітінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 21 наурыз күні Шалқар Ақымғалиев өзенге секірген қызды құтқарам деп мерт болды. Қаза тарқан полицей мемлекеттік марапатқа ұсынылды.


stan.kz
Автор
Мадияр